Корреспондентіміздің сұрағына экобелсенді, атом энергетикасы эксперті Владимир Сливяк жауап береді.
Владимир «Экоқорғау» бейкоммерциялық ұжымының тең төрағасы, халықаралық The Right Livelihood Award («Дұрыс өмір сүру») сыйлығының иегері және міне ол ширек ғасырдан бері қоршаған ортаның ластануы мәселесімен айналысып келеді, ядролық қалдықтарды елге кіргізуге және әлем бойынша АЭС салдыруға қарсы, сондықтан біз одан оның әлемге және елімізге АЭС салуға деген пікірімен танысқымыз келді.
-Владимир, биылғы 21-22 наурызда Брюссельде өтетін саммитте не күтуге болады?
МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаель Гроссидің айтуынша, «саммит атом энергетикасы өсуінің жаңа импульсының орнын көрсетеді, сонымен қатар мәселелерді шешудің демонстранциясын көрсететін жоғары деңгейдегі форум ретінде, мүмкіндігін барынша таныстыру үшін, өндірістік көзғараспен қарағанда осы сала мамандарымен жолығады».
-Наурыз аяғында Брюссельде өтетін атом энергетикасына арналған саммитте атом энергиясының пайдасы жөнінде көп әңгіме болады, бірақ онда бір дұрыс шешім қабылданбайды-ау. Әрине онда бұның өте қымбат энергия екендігі айтылады. Немесе атом энергетикасының сенімсіз екенін көрсетті деп. Өткен жылы Францияда әр түрлі бұзылулар себебімен реакторлардың жартысы ұзаққа дейін істемей тұрды. Сол кезде энергияны АЭС-тен бас тартқан Германияның жаңарған энергия көздерінен алған энергиясынан ала тұрды, оларда «жасыл» энергия аймағы қарыштап алға дамуда.
Әсілі. Кездесудің қорытындысы шығып, қандай да бір декларация қабылданатын шығар, сосын тағы да әдеттегідей инвесторларға (әсіресе жеке инвесторлардан) ақша жина дейтін болса керек. Себебі, білуімізше, мемлекетте мұндай қымбат энергияға ақша жетпейді. Дубайда өткен КС 28-де [28 Климатты ауыстыруға арналған екі жақтың конференциясы] осындай декларация 20-дан астам елден болған, олар банктер мен жеке инвесторларға арналған. Брюссельде де әзір 30-ға жуық елдің басшыларынан өтініш түсті, жобамен олар сондай тілек білдірген елдер болса керек.
-Иә, КС 28-ден 22 ел өтініш жасап 2050 жылға дейін АЭС үлесін үш есе арттыруды сұрады, сол арқылы энергетика ауысатын кезде АЭС соғып алмақшы. Сонда бұл өтінішке не деуіміз керек?
-Әңгіме мында, Батыстағы жеке инвесторлар қолында көп ақша жиналған, олар атом энергиясын жақтырмайды. Сосын, жәй жек көре салмайды, шынымен жек көретін себебі бар – ол қымбатшылық, сенімсіздік, апаттар, мыңдаған жылдар бойы қауіп төндіріп тұратын ядролық қалдықтар. Сосын климатты ауыстыру жағынан да АЭС сын көтермейді – климат ауысуына байланысты төтенше табиғи жағдайлар көбейген сайын (дауылдар, құрғақшылық, аптап ыстықтар, су басып қалу және т.б.), сол сайын апат болуына тәуекел көбейе береді. Сосын АЭС-тың суды көп пайдаланатынын ұмытпаған жөн, болашақта ол үшін су жетіспей қалуы мүмкін.
Сосын басты мәселе, жаңарған энергия көздері тұрғанда, инвесторларға қымбат әрі сенімсіз энергия көздері үшін шығындалудың не қажеті бар, өйткені ЖЭК соншалықты көп ресурс пайдаланбайды, ядролық апаттарға бейім емес, себебі көптеген жылдар бойы әлем бойынша олардың саны өсіп келеді. Бүгінгі күні ол әлемдегі барлық электроэнергияның 10 пайызы және одан әрмен көбейе береді, шындығында жаңарған энергетиканың жаппай дамып жатқанына жиырмашақты ғана жыл болды. Салыстырғанда, атом энергетикасы 70 жыл дамыған соң 10 пайызға дейін құлдырады, енді одан бетер төмендейді, себебі әлемдегі көптеген реакторлар ертеректе салынған, көп ұзамай олардың бәрі істен шығады.
Әзір, жалпы оның өскенін айтпағанда, ескілердің орнына ауыстыратын, ондай да АЭС салынып жатқан жоқ. Ақылы сау адам осындай нәрсеге ақша салушы ма еді? Қарап көрелікші, Дубайдағы КС 28-де не болды, 20 шақты ел 2050 жылға дейін атом энергиясын үш есе көбейту туралы декларацияға қол қойды, бірақ 120-ға жуық ел 2030 жылға дейін, яғни алты жыл ішінде, жаңарған энергия көздерін үш есе арттырғысы келетінін айтты. Болашақ қандай технологияның қолында екені белгілі болды,и ал ескі технология жайлап өлуде. Әрине, өліп бара жатқанды құтқарғысы келетіндер болады – бұл ядролық қарумен байланысты алып индустрия. Бұл индустриямен айналысып жатқан адамдар тәтті тамақ ішкіп-жеп, қымбат көлікпен жүргісі теңіз жағасынан үлкен үй сатып ап тұрғысы келеді, сондықтан олар өз болашағы үшін күреседі. Бірақ ол шындықты жауып қалмауы керек, өйткені болашақ кімнің қолында екені, және кімнің қолынан шығып бара жатқаны көрініп тұр.
-Әлем бойынша қоғам АЭС-ке қарсы, ал саясаткерлер бәрібір АЭС-ті қолдуын жалғастыра береді, осыны қалай түсіндірер едіңіз? Бұл неге байланысты?
-Иә, сөз жоқ, көптеген елдердегі қоғам мүшелері атом энергиясына күмәндана қарайды. Ядролық қалдықтарды көмген мазар басында, немесе кез-келген уақытта жарылып кетуі мүмкін, болмаса өзінен радиобелсенді қалдықтар ағынын шығаратын реактор жанында ешкімнің өмір сүргісі келмейтіні белгілі. Егер Чернобыль оқиғасы 1986 жылы болса, оны тіпті ұмытқан адамдар бар, ал Жапониядағы Фукусима апаты 13-ақ жыл бұрын болды, яғни таяуда ғана болды. Сонымен қатар 1979 жылы АҚШ-та реактор жарылып кете жаздап, радиацияның көп мөлшері шығып кеткен болатын, соның кесірінен америкалық инвесторлардың атом энергетикасына қызығуы азайып кетті. Әлемде, атом энергетикасында басқа да ірі апаттар болған болатын, тек олар жайлы ақпараттар аз. Қауіптілігі мен қымбаттығына қарамастан кей елдердегі саясаткерлер атом энергетикасын қолдауда, бұл 70 жыл ішінде атом корпорацияларында билікте лоббистер көбейгенімен байланысты. Сосын бейбіт атом энергетикасының ядролық қарумен үзіліссіз байланысы үлкен рөл ойнайды.
Авторитарлы және демократиялы елдерде әр түрлі жағдай. Дамушы елдердегі авторитарлы лидерлерге атом энергетикасы – абырой, сосын ядролық қаруға апаратын жол, ал Ресей сияқты елде ол геосаясат мәселесі, басқа елдерді өз ресурстары мен технологиясына тәуелді қылып қою. Сондықтан авторитарлы елдерде атом өндірісін шыққан шығынына қарамастан, еліндегі мұғалімдер мен дәрігерлер кедей боп тұрса да, кеңінен қаржыландырады. Ал Батыста жағдай басқаша, ол жақта атом өндірісі нарық жағдайында ғұмыр кешеді, яғни ол қаражат табуы керек, энергия көзі қымбат кезде ол өте қиын. Сондықтан батыс компаниялары субсидия алуға тырысады да, басқа елдерде жаңа контрактқа ұмтылады – сонда олар өзін жоғалтпай, нарықта қалқып тұруға шамасы бар. Сондықтан Батыстың келесі «атомдық ренессанста» тіріле бастауы, бар-жоғы қаражат тауып, бар болуға тырысу ғана. Бәрінде тек бір ой, климатты өзгерту, егер саясаткерлерге АЭС пайдалы деп түсіндіре алсаң, Германиядағыдай жабылып қалмастан, жаңадан қаражат табуға мүмкіндік туып жатады.
Бірақ хақиқат сонда, атом энергетикасы климатты өзгертуді тоқтатуға тек пайдасыз ғана емес, ол мүлде өнімсіз, себебі жаңарған энергетикаға бағыштайтын қаншама қаражат кетеді. Батыста да, Шығыста да қарапайым ад Ондай жерде әдетте қоршаған ортасы лас, соның кесірінен денсаулығы нашарлаған адамдар ғұмыр кешеді. Оның үстіне, прогресс бір орында тұрма бермейді, өйткені таза энергия шығарып, қауіпті мүлде азайтатын жаңа технологиялар пайда болады. Біз өзімізде жаңа энергия шығатын, шықпайтынын емес, оны қалай өндіреміз, және оның қоршаған ортаға зияны қандай, сонымен айналысамыз.
-Сонымен, атом энергиясы жөніндегі «Росатом» Мемлекеттік корпорациясы санкцияға түсіп қалуы мүмкін бе, жоқ па? Шындығында елімізде атом электростанциясын (онда да, егер референдум қорытындысы АЭС-ті қолдап тұрса) дәл «Росатом» салмақшы боп тұр. Сонда Қазақстан қаншалықты тәуекел етіп тұр?
-«Росатом» мен оның тармақтарына бірнеше мемлекет санкция салды. Мысалы Ұлыбритания, Украина, Канада және АҚШ. Бірақ бұл санкциялардың аумағы аз ғана, сондықтан ол «Росатом» мемкорпорациясына әзірге қатты әсер етпейді. Сосын бұл, Евроодақтағы бірнеше мемлекеттің әзірге Ресейден алатын ядролық отынды ауыстыра алмайтынына байланысты боп тұр. Сосын осы саладағы жұмыстардың істелініп жатқанына екі жылдай боп қалды, әрі Евроодақтан болатын санкциялар (жалпы АҚШ пен Ұлыбританиядан салынатын әлдеқайда ірі санкциялар) отынға тәуелділік мәселесі шешілген кезде барып пайда болады. Оған кемі 3-4 жыл керек, кім біледі, теория жөнінде одан да ерте болып жатуы мүмкін.
Өткен жылы «Үлкен жетілік» елдері (G7) әлемдік нарықтан ресейлік ядролық қызметті ығыстырып шығарамыз деп бір-бірімен келіскен екен. Қазір енді «Росатом» осыны түсініп, бажайлап, соған қарсы әрекеттер жасап дайындалып жатқаны байқалады.
Байсалды санкциялар пайда болған кезде, «Росатомға» ол қатты әсер етеді, ең алдымен АЭС салу жөніндегі шет елдік жобаларда. Осындай жобаларда егер Қазақстан да сол қатарда болып жатса, қиындықтар тууы мүмкін. амдардың көзғарасынан гөрі ірі өндіріс мәселесі көп қызықтыратын саясаткерлер көп. Ол банк есептерінде, өндірісте, жабдықтармен немесе қазба отынмен қамтыған кезде болуы мүмкін, батыс компанияларының «Росатом» жобасына қатысуы («Росатомның» шетелдік жобаларының бір де біреуі қазір шет елдік жабдықтармен қамтушыларсыз болмайтыны белгілі). Байсалды санкциялар «Росатоммен» ынтымақтаса бірге қызмет еткен айналасындағылардың бәріне қысым көрсетуде болады, ақырында олардың бірге қызмет етуін тоқтатады. Мұндай жағдайда қандай да бір шет елдік жоба қымбаттап, кешігіп жатады (мысалы 10 жыл орнына 20 жыл деген секілді), ал кейбіреуі мүлде жабылып тынады. Қазір «Росатоммен» болашақ жобаға қол қою – кез-келген ел үшін үлкен тәуекел.
Сосын ол жоба тоқтатылмаса, санкция жағдайында 2-3 есе қымбаттап кетеді.
Оның үстіне, «Росатоммен» бірлесу Ресейге деген тәуелділікті күшейту, әрі оның геосаяси әсерін кеңейту, сонымен қатар ол экономикалық тұзақ боп тұр. АЭС -тің құны үнемі және барлық жерде қағаздағы құрылысқа арналған бағадан әлдеқайда көп болып тұрады, ал санкциямен бірге, меніңше жаңа рекордтар болуы мүмкін. Мысалы ВВЭР-1200 типті екі реактормен АЭС салу шамамен 10-12 миллиард доллар тұрады деп есептеледі ресми түрде. «Қатты» санкция жасалғанында ол АҚШ долларымен 25-30 миллиард болуы мүмкін. Меніңше, осы қаражатқа жаңарған энергияны әлдеқайда алға жылжытуға болады, ол халқымызға көптеген жұмыс орны болар еді, сосын ешқандай санкциядағы елден қазба отын алудың қажеті жоқ. Бұлай өсудің елге экономикалық АЭС салғаннан гөрі өте пайдалы.
Сонымен біз атом энергетикасының ауа-райын өзгертуге мүлде пайдасыз, әрі мүлде өнімсіз екенін білдік. Ол жаңарған энергетикаға жұмсалатын қаражатты босқа ысырап етеді. Қазақстан сонымен қауіпсіз, болашағы зор жаңарған энергетиканы ядролық қалдықтарға айырбастауға, әрі балаларының болашағына уайымдамауға дайын ба?