БЕЛОРУС АЭС-І – АТОМШЫЛАРДЫҢ ҚҰЛДЫРАУЫ

54 просмотров

Қазақстанға атом электростанциясын салу қажет, қажет еместігін білу үшін, жақында АЭС салған көршілеріміздің жағдайы қандай екенін біліп алалық.

Атом станциясының қауіптілігі мен қажетсіздігінің анық мысалы 2021 жылы іске қосылған Белорус АЭС-і болып тұр. Оның алғашқы энергоблогы тек 50% істеп тұр және ол жиі бұзылып тұрады, осы төңіректегі аудандарда артық сәуле алған адамдардың саны көбеюде. Ең бастысы – АЭС экономикалық көзғараспен тиімсіз. Біз осы жөнінде физик-ядрошылмен, осы мәселе маманы Андрей Ожаровскиймен сұқбаттастық.


Андрей, Чернобыль АЭС-інің апатын көрген мемлекет қалай жаңа АЭС салуға тәуекел етті?

-Ол рас. Шынымен де Белоруссия 1986 жылғы 26-шы сәуірде басталған Чернобыль апатынан көп қорлық көрген мемлекет.

Чернобыль оқиғасынан кейін Белоруссияның өлшем бірлігіне қауіпті радионуклидтердің жаууы басқа ме млекеттермен салыстырғанда көп болды және қиянат көрген тұрғындар проценті Ресей мен Украинадан да асып кетті, Шындығында АЭС Украина территориясында орналасса да, жел Финляндия, Ресей және Белорус жағына қарай соқты.

Белоруссия кеңестік заманда атом энергиясына кіріптар болған. Кеңес Одағы тараған соң Литвада тұрған екі РБМК-1500 реакторы бар Игналинск АЭС-і шекарадағы Дрисвяты көліне орналасқан болатын, жіне ол электроэнергиямен Литваны да, Беларусьті да қамтып тұрған болатын. Одақ тарап кеткен соң атом станциясы Евроодақ талабымен жабылды, сөйтіп Беларусь электроэнергия көзінен айрылды. Сол кезде Белоруссия басшыларының басына өз АЭС-ін салып алу ойына келеді.

Бірақ бәрібір апаттың қайталануынан қорқу әлі бар болатын, сондықтан шешімді аяқ асты қабылдаған жоқ әрине. Белоруссия аумағында АЭС салудың дұрыс, дұрыс еместігін зерттейтін мемлекеттік комиссия құрылды. Бір олжа болғаны осы комиссияға атом идеясын қолдаушылар ғана емес, чернобыль апаты салдарын жоюшылар да қатысқаны болды. Ақырында, осының салдарынан 10 жылға мораторийға шешім қабылданды. Резолюцияда, дәл қазір атом электростанциясын салуға қажеттілік жоқ деп жазылған. Оның қауіпсіздігіне сенім жоқ, жобаның экономикалық қажеттілігі, сосын радиоактивті қалдықтармен не істеуі керек екендігі жайлы түсінік жоқ.

Шынымен де 90-ыншы жылдары да, қазір де, радиоактивті қалдықтарымен болашақта не істеу керек екенін ешкім білмейді. Оның үстіне атом энергетикасы көздері жайлы жобаларда оның экономикалық пайдалылығы жайлы ештеңе айтылмаған.

Сондықтан 2008 жылға дейін Беларуссияда бұл сұраққа оралған жоқпыз. Бірақ мораторий біткен соң атомдық электростанция салу идеясын мемлекетіміздің басшыларының өзі ұсынды.

-Бұл идеяға ел тұрғындары қалай әсер етті?

-Өте жағымсыз әсер етті. Беларуссия Чернобыльді әлі ұмытқан жоқ. Ресейден де бекер. 26-шы сәуір күні жалпыұлттық қаралы күн, жыл сайын елімізде жаппай іс-шаралар өтеді, оны «Чернобыль шляхы» («шлях» белорусша – жол дегнен сөз) деп атайды. Сондықтан еліміздің президенті Александр Лукашенконың атом электр станциясын саламыз деген идеясы ақырында «Чернобыль шляхы» «Ядроға қарсы шляхқа» айналып кетті.

Бұл Белоруссиядағыдай ядроға қарсы күресті бұрын-соңды еш жерден көрген емеспін. Бұл өте қатты дамыған қарсы тұру, ешкім немесе ешқандай ұйым оны шабыттандырмаған, жоғарыдан ұйымдастырылмаған, нағыз халық қозғалысы, кейін ол «Белоруссиялық ядроға қарсы кампания» деп аталып кетті. Бұл қозғалысқа тек экологиялық қоғамдық бірлестіктер ғана кірген жоқ, сонымен қатар оқымысты ғалымдар тобы мен жергілікті тұрғындар, белоруссиялық «жасылдар» партиясы, және басқалар кірді.

Белоруссия

-Ал сіз қалай бұл кампанияның мүшесі болдыңыз?

-Себебі Белоруссияда атом станциясын салудың артында «Росатом» тұрды ғой, олар ешқандай конкурс жарияламастан, нашар жаралған ВВЭР-1200 жобасын таңдаған, белорус белсенділеріне «Росатом» жұмысын түсініп, талдайтын эксперт қажет болды, мен дәл сондай маман едім.

Менің ядроға қарсы кампанияға қабылданған себебім, атомшылардың тезистерін түсінетінім мен, ВВЭР-1200 ресей жобасы жөнінде айтып бере алатыным болды. Ол кезде мұндай реактормен еш жерде, тіпті Ресейдің өзінде де энергоблок салынған жоқ болатын, сондықтан Белорус АЭС-і өзінше тәжірибе алаңы болды.

Тағы бір атап өтетіні: сол кезде, 15 жыл бұрын, Балтық өңірінде үш атом станциясын салуды жоспарлаған екен. Калининград облысында Балтық АЭС-ін, Литвада – Висагинск АЭС-ін (Игналинск АЭС-і жанында), ал Белоруссияда (Островецте) – БелАЭС-і. Олардың арасы бір-бірінен үш жүз километр қашықтықта ғана. Сол кезде сондай жағдай қалыптасар еді, егер оған қарсы шықпаса, үш жоба да іске қосылатын болса, ядролы үшбұрыш қалыптасайын деп тұр.

Міне осы кезде көпшіліктің пікірі дұрыс жұмыс істеп кетті. Біз Литва республикасының белсенділерімен байланыстық: олар да бұл жоспарды естіп, төбе шаштары тік тұрды. Калининград облысында құрылысқа қарсы «Экоқорған!» тобы шықты. Сөйтіп үш «атом монстрына» қарсы, ядросыз аймақ пен жаңарған энергия көздері үшін бағдарлама қалыптасты.

Белоруссия

2011 жылы халықтың бәрі жаңартылған энергия көздерінің пайдалы, әрі болашағы зор екенін түсінді. Оған Литва нақты дәлел бола алады. Игналинск атом станциясы тоқтаған кезде, Литва тез арада жел энергиясын қолға алумен айналысты. Небір ірі муниципалитеттер өздерін ауыл шаруашылығында орналасқан желден энергия алумен қамтитын болды.

Біздің халықаралық кампанияның мақсаты «ядросыз аймақ» болу еді. Алдымызда үш елдегі салынбақ болған үш атом станциясы құрылысын тоқтату мәселесі тұрды. Қарсыластарымыз — атомшылар — қулықпен әрекет етті. Олар белорустардан: «Егер сіздер өздеріңнің атом электр станциясынан бас тартып жатсаңыздар, демек электрді Литвадан алмақшысыздар ғой?-деп сұрайтын. -Енді олар АЭС салып бітеді, сосын оны үш есе бағасына аласыздар. Қалағандарыңыз осы ма еді?» Мұндай сұрақты олар литвалық атом станциясына қарсы адамдарға «керісінше» қоятын. Бірақ, бүйтіп экологиялық қозғалысты өшірмек болған әрекеттерді дер кезінде құрсақтан шықпай жатып жойып отырдық. Белорустар: «Біз өзіміздің де, литвалық АЭС-терге қарсымыз. Біз жалпы ядросыз аймақты қалаймыз,»-деп жауап берді. Әрине белорустар литвалық атом станциясына қарсы еді, себебі оны шекарада салып жатқан болатын. Ал литвалықтар өздеріндегі де, Белоруссиядағыға да, Калининград облысындағыға да қарсы, себебі оны шекарадағы Неман өзені бойына салмақ болған ғой.

Халықтың барлығы атом станциясын тек өз елдерінде ғана емес, көршілерінде де салғанын қаламады. Литвалық белсенділер: «Біз Литва жерінде тағы бір Чернобыль болғанына қарсымыз,»-деп жатты.

Белоруссиядағы қоғамдық экологиялық экспертиза жобасына академиктер деңгейіндегі адамдар кірді. Олар Беларусь Республикалық Ұлттық академиясының академигі Ивани Никитченко, атақты ресей экологы, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Яблоков Алексей Владимировичтар.  Бұл екі кісі қоғамдық экология экспертизасының тең төрағалары. Мен де осы комиссияға кірген едім. Онда ондаған адам болады, олар тек ұранмен жұмыс істеушілер ғана емес, олар атомшылардың аргументтерін зерттейтін, сосын шын мәнінде жағдайды толық түсіндіріп айтып беретін.

Бұл кампания соңында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Калининградта да, Литва республикасында да атом стансасы салынбады. Бірақ өкінішке орай, Беларусьте БелАЭС салынды.

-Демек, осы екі мемлекетте, Ресей мен Литвада — халық пікірін үкімен естіген боп тұр ғой? Мемлекет деңгейінде қабылданған құрылысты тоқтатуға сол жеткілікті болған ба сонда?

-Айта кетуге тиісті нәрсе, «Росатом» Калининград облысында тек халықтың қарсы болғанынан ғана емес, экономикалық жағынан қарағанда онда АЭС салудың мүлде қажеті жоқ еді. Ал Литвада 2012 жылдың 14 қазаны күні өткен атом станциясын салу жөніндегі жалпыұлттық референдумда тұрғындардың 65 пайызы құрылысқа қарсы болып шықты.

Біз литвалықтардың атом энергетикасына қарсы болатынына күманданған жоқпыз. Фукусимадан соң ол түсінікті еді, біз референдумға адам аз келе ма деп қатты қорқып едік. Қарапайым адамдар атом энергетикасын толығымен түсіне бермейді, сосын сол өз ойларын білдіруге тұрақты байланып қалмайды. Бірақ, қарапайым адамдар бұл мәселеге қызыға бастады, себебі, еркін БАҚ-ры бар еркін тәуелсіз елде референдум алдында бірнеше ай бойы «иә» немесе «жоқ» позициясын талқылап, түсіндіру кампаниясы жүріп жатты. Атомшылар өз аргументтерін тықпалайды, қарсы шығығушыларп өзінікін дегендей…

Мысалы, Литваның Орталық банкының төрағасы — оқымысты, экономист Раймондас Куодиске егер біз атом электростанциясын салсақ, «Газпромнан» газды аз алып,  электр энергиясы арзан боп қала ма деп сұраған кезде, ол кісі жоқ деп, өз есебін көрсетіп дәлелдеді. Егер мен физик ретінде атом энергетикасы қымбат десем, сіздер сөзіме сенбес едіңіздер, ал енді оған «Орталық банктың» бас экономисі де солай деп жауап беріп жатса, бұл ойландыратын нәрсе. Куодис мырза, Литва секілді елдің экономикасы үшін атом энергетикасы экологиялық жағынан ғана емес, таза финанс-экономикалық жағынан да дұрыс келмейді. Шындығында, егер атом энергетикасына эмоциясыз көзғараспен қарайтын болсақ, оны қарапайым электрлік жылу энергиясын өндіретін орын деп есептесек, ол өзін өтемейді.

Яғни, жалпыұлттық референдум алдында бұл қалыпты, кең алқымды дискуссия еді. Негізі солай болуы керек қой.

Беларуссияда атомшылар 2010 жылы, атом станциясын салудың дәлелі ретінде жаңарған энергия көздері қажет энергияның 1-2 пайызын ғана береді деп айтқаны есімде. Қараңыздаршы, әзір әлемде ЖЭК-рі (Жаңарған Энергия Көздері) жүздеген гигаватт энергия өндіруде. Қазір көптеген елдерде ойпаттағы ГЭС-терді есептемегенде, энергияны 10 пайыздан астам, кейбірінде 30 пайыздан астам жаңарған энергетикадан алуда. Сондықтан қазір жаңарған энергетика жарыса алмайды деп айтуға болмайды, олай қорытынды шығару сауатсыздықтың белгісі. Жоқ, ол жарыса алады!

Ал Қазақстанды алатын болсақ, бір Жоңғар ойпатының өзі энергиямен бүкіл елді қамти алады.

-Беларуссияға келетін болсақ, онда референдум болды ма, немесе қоғамдық тыңдаулар ғана жүрді ме?

-Жоқ, референдум болған жоқ. Қоғамдық тыңдау тек Островецте ғана болды, мені сол жерде тұтқындады. Атом электростанциясын салу мәселесіне арналған қоғамдық тыңдауға қатысу үшін ресми тіркеліп, құрамға мүше  болғанмын. Сөйте тұра мені тұтқындап, жеті сөткеге қамады, мен «ұсақ бұзықтық жасаппын: қоғамдық талқылау жүріп жатқан ғимаратқа ұрланып кіріппін» (сот шешімінің үзіндісі). Сондағысы, беларустық атомшылардың жүйкелері сыр берген соң, ең дұрысы, Ожаровскийге сөз бергеннен гөрі, оны қамап тастаған дұрыс деп шешім шығарыпты. Бірақ бәрі олар ойлағандай болмай шықты, өйткені осы шулы оқиға жайлы Беларуссия мен Ресей прессалары мақала жазды. Бірақ қоғамдық тыңдау жүрді, онда атомшылар «АЭС – прогресс» деген үйреншікті дұғасын міңгірлеп, халықтың қарсылығына мен дәлелді сөздеріне қарамастан АЭС құрылысын бастап кеп жіберді.

-Сонымен, қоғамның қарсы күрескеніне және жалпыұлттық  қарсыласуға қарамастан БелАЭС бәрібір салынды. Әзір ол қалай жұмыс істеп тұр?

-Екі энергоблоктан тұратын Белорус атом станциясы мемлекетаралық келісімге қарамастан төрт жыл кеш салынып бітті.

Бірінші блок бүтіндей опырылып түскендей болды, ол шамамен 50 пайыз  (айтылғанның 90 пайызы) уақыт істеп тұрады, ресми статистика беруі бойынша. Мұның бәрі кем-кетігін түзеуден соң, қандай да бір техникалық себептермен, трансформатордағы өрттен және тағы сондай заттар себебінен болған.

Екінші энергоблокты іске қосарда белорус атомшылары аяқ асты, тұрғындардың сәуле қабылдағаны жөнінде ақпарат берді. АЭС-ке жақын жердегі елді мекендерде адамдар сәуле дозасын 30-дан 80-ге дейін алған боп шықты. Біздер, қоғамдық бірлестіктер ондай болатынын бұрыннан білетінбіз және оны үнемі айтып жүретінбіз: апатсыз, қалыпты жұмыс істеп тұрған атом электростанциясының өзінде вентиляциялық құбырдан радиобелсенді заттар шығып тұрады. Егер ондай болмаса, ол құбырлар не үшін керек? Құбырлар арқылы рұқсат етілген радиобелсенді заттар шығарылып тұрады, әсіресе отынды жағуды іске қосқан кезде және жөндеген сәттерде, яғни қазір бірінші энергоблоктың не үшін аты шығып жатқаны болады. Сонымен айтыс-тартыс жүрген кезде атомшылар ашылып шындықты, нағыз болып жатқан заттарды айтып қойды, онда атом электростанциясы – қоршаған ортаға зияны тимейтін нейтралды объект емес екендігі айтылды. Сонымен Беларуста артық сәуле қабылдаған адамдардың саны ресми тіркелді.

Жақында АЭС-тің екінші энергоблогын іске қосты. Әзірге оның қалай жұмыс істеп тұрғанын білмейміз, байқау үшін уақыт қажет. Жалпы алғанда жасалынып жатқан жобаның сапасының төмендігі – қосымша тәуекел, ол әрине дәл «Росатомға» қатысты. Олар уәден беруін береді, бірақ басқаша істейді. Беларуссияда құрылысты бір мерзімде бітіреміз деп уәде берді, кейін ұзақ уақытта зорға бітірді. Сосын 90 пайыз уақыт істейді деп уәде берді, бірақ 50 пайызға ғана істеп тұрады, соның арқасында электроэнергия бұрынғыдан қымбат болады.

Және бір ұятқа қалдыратын факт: белорус билігі АЭС-те алынып жатқан энергияны қайда жұмсарын білмей жатыр! Олардың атом станциясын Литвамен шекараға, Вильнюстің жанына салуы, Белоруссия мен Литваны араздастырып қойды. Енді Литва, астанасы жанында салынып, қауіп төндіріп тұрған объектен электроэнергия алғысы келмейді. Литва бұл электроэнергияны ешқандай бағамен алмайды, тіпті ең арзан деген бағамен де, себебі олар ақылды адамдар, сондықтан Вильнюстеріне қауіп төндіріп тұрған жерге ақша төлегісі жоқ.

Сондықтан Белорус АЭС-інен алынған электроэнергияны шынымен қайда жұмсарын білмей отыр. Және Белоруссия өкіметі бірінші блок іске қосылған соң электроэнергияны халық шаруашылығына пайдалануды арттыру Бағдарламасын жасады. Енді әр ұжым үшін электр энергиясын пайдалануды қалай арттырудың жоспары бар. Анықтап айтқанда ол былай боп шығады: газ жылуын өшірелік, енді үйімізді электрмен жылыталық. Шынымен осылай боп жатыр, бұл фантазия емес.


                                                      1-ші Статья

  1. Екі жақ Беларусь Республикасы территориясында атом электростанциясы (АЭС) энергоблогын жобалауда, құрылыста және іске қосуда («толық біткенше» («под ключ») келісімге келеді.

Екі жақ та 2017 жылы АЭС-тің бірінші энергоблогын іске қосуға қажетті әрекеттерді мойнына алады, екінші блогын — 2018 жылы қосады.

Әр энергоблоктың бірқалыпты және қауіпсіз жұмыс істеп тұруы үшін, бекітілген қуаты 1200 МВт болатын әр энергоблок құрамына В-491 реакторлы құрылғы мен турбогенератор, сонымен қатар Екі жақтың құзіретті органдарымен келісілген қосымша объектілер кіреді.

Белорус жобасының экономикалық есебі сондай, мұндай сандағы электроэнергия мемлекетке қажеті жоқ. Онсыз да Беларус өзіне қажетті  электроэнергиямен, Ресей энерготаратушылардан алғанымен қосқанда толық қамтамасыз етіп отыр. Қазір де Беларусь Ресейден «уран отыны» аталатын энергиятасушыны сатып алып отыр, себебі атом станциясы қазба отынмен, яғни уранмен жұмыс істейді. Атом станциясын салу белоруссия экономикасын ресейге тәуелділігінен құтқарған жоқ. Тек табиғи газ алу орынын уран отынын алумен ауыстырды.

Тәуелсіздік жөнінде айтатын болсақ Белоруссия ештеңе ұтқан жоқ. Естеріңізге сала кетейін, президент Лукашенконың атом электростанциясын салар кезде пайдаланған ұраны — ресей газынан құтылу болатын. Сол кезде біз ресей газынан құтыламыз деп жүріп, ресей уранына және ресей технологиясына тәуелді боп қаламыз деп айтып ескерткен болатынбыз. Шынында да солай болып шықты. Қалай десек те, атом энергиясына қарағанда газ генерациясы құрылысы қарапайым ғой, оның үстіне Белоруссияда қажетті ұлттық мамандар жеткілікті.


Белорус атом станциясы басқаларға ғибрат болсын. Жалпы бұл атом технологиясы мен атом электр станциясын салар кезде — адамның ақылын оятатын шындық, оған дайын болу керек.

Об этом тоже важно знать