ҚАЙША АТАХАНОВА: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЭС САЛҒЫСЫ КЕЛЕ МЕ?

92 просмотров
экология

Қазақстандықтар елінде АЭС салынуына қарсы ма?Атом энергетикасы шынымен қауіпті ма? Қаншалықты зиян және қаншалықты тиімді? Журналымызда осы сұрақтардың төңірегіне сөз қозғайтын басылымдар сериясын бастады. Алғашқы сөз Қайша Атахановамен болмақ.

Қайша Атаханова белгілі экобелсенді, биолог, радиация әсерін генетикалық зерттеу маманы, әрі 2005 жылғы Голдман экологиялық сыйының иесі.


-Қайша, Қазақстанда АЭС салуға арналған референдум жайлы көзғарасыңыз қалай?

человек-Қазақстанда бұрын экологиялық мәселелерге байланысты референдум болған емес. Бұл біз үшін алғашқы тәжірибе. Еліміздің «еститін» мемлекет екенінің көрінісі. Референдумда әр адамның пікірі маңызды. Мемлекеттік деңгейдегі шешімнің парламент пен министерлікке емес, халықтың өзіне табысталуы алғаш болып тұрған жағдай. Сондықтан біздер, экологтар, тұрғындар мен қоғам белсенділері бұл іске бір кісідей жұмылуымыз керек. Қазақстандықтарды белсенділікке, дауыс беруге шақыру керек. Референдумның қорытындысы әр түрлі цифрды көрсететіні түсінікті. Ал егер дауыс берушілердің үлесі тиісті межеге жете алмаса референдум қорытындысы мойындалмайды, өтпеген боп саналады.

люди

люди

-Қалай ойлайсыз, қоғам бұл мәселені дұрыс түсініп, дұрыс шешім жасауы үшін ақпарат жеткілікті ме?

-Меніңше, әзірге жұрттың АЭС жөніндегі пікірі бір жақты. Соңғы бірнеше айда жаппай атомдық лобби жүріп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары атом станциясының тек жағымды жақтарын жариялап жатыр. Еліміздің Оңтүстік өңірін энергиямен қамту үшін қайткен күнде де атом станциясын салу керек деп сендіруде. Бірақ, өкінішке қарай, экологиялық қауіптер мен АЭС құрылысының экономикалық толыққанды зерттеулер беріліп жатқан жоқ. Атомшылдар энергетиканың салыстырмалы өсу жолдарын көрсетпейді. Тұрғындар бұл мәселенің маңызын ол туралы толыққанды ақпарат алған кезде, атом стансасының қауіптері мен қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына және АЭС-тің қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына әсерін білген кезде ғана дұрыс қабылдай алады.

-Референдумге аз  уақыт қалды. Қалай ойлайсыз, осы мерзімде қоғамға жеткілікті ақпарат беріп үлгеру мүмкін бе?

-Бұл біздің міндетіміз. Экологтар қалай да осыған жұмылуы керек. Мұндай жағдай бұрын да болған. 2001 жылы бес депутат бірігіп Қазақстанға радиоактивті қалдықтарды көметін коммерциялық жоба жайлы ұлттық заң шығаруға түзету енгізу туралы мәселе көтерген болатын. Сол заң қабылданып кеткенде Қазақстан әлемдік ядролық қалдықтарды көметін қорымға айналар еді. Әлемде ешбір ел, ешбір мемлекет, тіпті кедей елдер де бұлай тәуекел еткісі келмейді. Сол кезде еліміздегі экологтар мен бірқатар қоғамдық белсенділер Қазатомөндірістің мұндай бастамасына қарсылық танытып, бірлесе жұмыс жасады. Ұжым құрып, радиоактивті қалдықтардың қаншалықты зиян екенін жариялады. Ақыр соңында атом лоббиіне қарсы жасалған жұмыс өз нәтижесін көрсетті.

-Иә, бұл үлкен науқан болған екен. Күштеріңіз тең болмаса да қалай жеңіп шықтыңыздар?

-Біздің күшіміз бірлікте болды. Барлық экологтар, белсенді топтар, әйелдер қоғамы, тәуелсіз сарапшылар, жастар, құқық қорғау ұйымдары біріктік. Біз үнемі заң жобасының қабылдануын қадағалап отырдық, аймақтарға бардық, ондағы тұрғындардың қоғамдық пікірлерін тыңдадық. Өткір мәселелерді ортаға салып отырдық, адамдарды түсінуге тырыстық: олар басқа елдердің ядролық қалдықтарын әкеліп Қазақстанға көмуге дайын ба, жоқ па? Сонымен біз қарапайым халықтың бұған мүлде қарсы екенін білдік. Сондықтан біз халық пікірін заң шығаруға тиіс адамдарға жеткізіп отырдық. Президентке, парламентке хат жаздық, қажетті министрліктерге, оның ішінде Энергетика министрлігі мен Қазатомөндірісі бар, оларға өңірлердегі тыңдармандардың протоколын, фотосуреттер мен видеокөріністерді қосып жібердік. Жергілікті БАҚ-тарда жиі-жиі мақала жазып отырдық, теледидардағы хабарларға, ток-шоуларға қатыстық. Көптеген теледебаттарға атомдық лобби төлеп қойғандықтан алдын ала жазылып қойылған сценарий бойынша жүріп жатты. Бізді хабарға шақырғанымен, аз болатынбыз, сосын көбінесе қолымызға микрофон тимейтін. Күш бірдей болмаса да, бәрібір жеңіп шықтық!

Адамдар өзінің ақиқат жақта тұрғанын білген соң ерекше күшті боп кетеді екен. Ал шешімді қабылдайтын адамдар, мұндай тағдырды шешу кезіндегі жауапкершілігін сезінді. Біз сол кезде әр депутатқа жаңа жылдық құттықтаулар жіберіп, олардан мұндай заң жобасына дауыс бермеуін өтіндік. Біз оларға әр депутаттың бұл заң жобасына қол қойған-қоймағанын қадағалап отыратынымызды ескерттік, сосын елімізге радиоактивті қалдықтарды әкелуге «иә, рұқсат» деп қол қойған депутаттардың тізімін халыққа жеткіземіз дедік. Ақырында ол заң жобасы үкіметтің талқылауынан алынып тасталып, парламентке жеткен жоқ. Бұл еліміздегі экологиялық белсенділер мен қоғамдық ұйымдардың үлкен жеңісі еді.

люди

люди

 -Сол антиядролық қозғалыстағы белсенділіктеріңіз үшін сіздер Голдман экологиялық сыйлығы мен кіші Нобель/Оскар экологиялық сыйлықтарын алыпсыздар. Соны айтып беріңізші.

-Иә,  бұл сыйлыққа бүкіл әлемдегі экологиялық белсенділер ұсынылады, бірақ қорытындысында — әр континенттен бір адамнан, бар жоғы алты-ақ адамды алады. 2005 жылы мен ұсынылып, осы сыйлықтың иесі болдым. АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі сол сыйлықты марапаттау рәсіміне қатысты. Кейінірек әлемдік БАҚ-ры біздің антиядролық кампания арқылы олар Қазақстанда  демократияның шынымен дамып жатқанын көріпті. Демек Қазақстанда өз құқығын қорғайтындай      азаматтық қоғам ерекше мықты екен деген қорытынды шығарыпты. Адамдардың өз ұстанымы мен пікірі бар және үкімет оларды тыңдап, құлақ салады екен деген сөз.

Ақыр соңында шешімді толық қабылдайтын адамдар бұл мәселені қараудан алып тастады, осынысы дұрыс, әрі әділ болды. Сол кезде үкімет ядролық қоқыс болудан бас тартып, даналық танытты. Елімізді радиациялық қалдықтардың отанына айналу  қаупінен сақтады. Сол кезде еліміз тұрақты өсуге бет алған еді, егер үкімет әлгі заңды жобасын қабылдар болса, сол курсқа қарсы шыққандық болар еді.  Ол жағдайда біздің, бай елдерден радиобелсенді қоқысты әкеліп тапқан экономикалық пайдамыз жайлы айтуымыз, әңгіме экономикалық тәуекел етуіміз бен көпшілік алдында жаңғыртылатын «жасыл» энергетикаға көшуді бетке алып, бірқалыпты өсіп жатқан демократиялық елдің имиджі жайында еді. Соның бәрі бос нәрсе болып шығар еді. Коммерциялық жолмен елімізге радиобелсенді қоқыстарды кіргізелік деп шешім қабылдау мемлекетіміздің болашағын мүлде жойып жіберер еді, әрі оны артта қалған мешеу елдер қатарына кіргізер еді.

-Қазіргі, Қазақстанда АЭС салу жағдайы, сол кездегі елімізге радиобелсенді қоқысты әкелу жағдайына ұқсай ма?

-Ол кезде біздің жұмысымыз үш сатыдан тұрған болатын. Алдымен қазақстандықтарға парламент елімізге радиобелсенді қоқыстарды әкеліп жерлеу жөнінде заң жобасын талқылайын деп жатыр деген ақпаратты жеткізу болды. Себебі көп адамдар ондай заң жобасы қабылданайын деп жатқаны жайлы мүлде білмейтін. Екіншісі, адамдарға осы заң жобасы қабылданып кетсе елімізге қандай қауіптер төнбек екенін түсіндіру болды. Сосын үшіншісі, үкіметке осы мәселеге байланысты азаматтарымыздың көзғарасын жеткізу болған еді.

Әзір, адамдарға атом электрстанциясы жайлы шындықты, соған байланысты елімізге төнетін қауіптер жөнінде және Қазақстан энергетикасы дамуының балама жолдарын көрсету жеткілікті. Ал үкіметіміз халықтың пікірін референдумдағы дауысынан білетін болады.

Николай Юшников

(ЖАЛҒАСЫ БАР)


Келесі мақалада біз Қайша Атахановамен сұқбатты жалғастырамыз. Ол кісі Балқаш көлінде атом электр станциясын салу жөніндегі өзінің, маман экологтың пікірімен бөліседі.

Об этом тоже важно знать