ТАРАЗ ҚАЛАСЫ МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АЭС-КЕ ҚАРСЫ

«Қоғамдық-экологиялық қор» ҚҚ Қазақстандағы турды жалғастырып, кездесуде қоғаммен АЭС салуды талқылады.

Бүгін біз Тараз қаласы мен Жамбыл облысы тұрғындарымен болған диалог жайлы айтып береміз. Олар елімізде АЭС салуға арналған жобаға арналған референдумға қатысуды жоспарлап отыр ма жоқ па? Олар Қазақстанда атом станциясы болғанын қалай ма? Бұл жөнінде біздің корреспондентке кездесуге қатысқан «Қоғамдық-экологиялық қор» ҚҚ директоры Вадим Ни айтып береді.


Вадим, неге сіздер Балқашта АЭС салу жөніндегі республикалық референдум алдында еліміздегі әр түрлі қалалар тұрғындарымен кездесу өткізіп жатсыздар?

-Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік құрылыс пен басқару мәселесіне байланыссыз республикалық референдум өтейін деп жатыр.

Референдумда әр адамның үні маңызды, және ол «жаңа Қазақстан» — «құлақ салатын мемлекет» деген консепциясына сай келеді. Бірақ, өкінішке орай барлық шенеуніктер бүгінге дейін «мемлекеттің неге құлақ салатынын» түсінбейді. Бұл қарапайым халыққа естірте, дікеңдеп бірдеңе айтып, өз дегенінде ғана тұрып, кейін елмен кездестім, консенсус болды деп айту емес.

«Құлақ салған мемлекет» қарапайым халық сөзіне құлақ салып тыңдай білуі керек. Бізде, әсіресе оңтүстікте, адамдар бірін-біріне дауыстамай-ақ, тыңдай алады. Бірақ әуелі олардың не айтып жатқанын, сосын ақпаратты қалай қабылдап жатқанын түсініп алуы керек. Халықтың осы бөлігімен әлі күнге дейін байланыс дұрыс орнатылған жоқ, себебі елімізде биліктегілер «қоқаңдап» сөйлеуді әдет қылған.

Біз турды Шымкент қаласынан бастап, Тараз қаласында жалғастырдық. Бізге атом электр станциясын салмақ болған Үлкен ауылына жақын орналасқан оңтүстік аймақтан бастау маңызды болды.

-Кездесу қалай өтті?

-«Қоғамдық экологиялық қор» Тараз қаласындағы кеңесті жергілікті «Жабағлы манас» тау клубы» қоғамдық ұйымымен бірге өткізді. Осындай іс-әрекеттерді біз әр қалада әр түрлі форматта өткізудеміз. Шымкентте ол үлкен академиялық стильде өтті, ал Таразда ол қалаға жақын маңдайдағы ауыл тұрғындарының қатысуымен өтті, мұнда ол үлкен сұқбат ретінде жүрді, біз онда адамдарға сұрақ қойып, жауаптарын тыңдадық.

Бізге адамдардың пікірін тыңдау, тұрғындармен диалог жасау маңызды болды. Біз адамдардың Астана мен Алматыда емес, Қазақстанның алшақ аймақтарында атом электростанциясын салуға деген көзғарасы қандай екенін байқағымыз келді. Себебі біз Алматыда отырып-ап басқа адамдардың бұл жөнінде не айтатынын  шамалауымыз ғана мүмкін. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі тұрғындар бұл жөнінде не ойлайтынын сонда барып, олармен жүздесіп, сұқбаттасып, сұрақтарына жауап беріп қана біле аламыз. Тараз қаласы мен Жамбыл облысы тұрғындармен кездесу өте құнды болды, онда олар бұл мәселе жайында не ойлайтындарын айтты. Өкінішке орай ауыл тұрғындарымен күні бүгінге дейін жұмыс дұрыс қалыптаспаған, және жергілікті билік, әсіресе құрылысты жүргізушілер жайында, адамдарды мүлде тыңдамайды.

-Сонда Жамбыл облысы адамдарының АЭС салу жөніндегі пікірі қандай?

-Біз ірі қала тұрғындары ауыл тұрғындарына бірдеңе үйрете аламыз деп ойлаймыз. Ал ауыл тұрғындарының білімі саяздау болса да, салмақты мәселелерге келгенде интуициясы, яғни олардың өмірге байланысты ішкі сезімдері жақсы дамыған. Дәл сол интуиция әзір адамдарға АЭС қауіпсіз объекті еместігін, оның қатты қауіп төндіретінін, өзіне құнды қаражат жұмсалатынын, сосын жергілікті тұрғындарға аз пайда әкелетінін жақсы біледі. Жамбыл облысы адамдары атом өндірісінің уран қазу арқылы өздеріне әсерін байқауда, өйткені бұл өңірде жер астын сілтілендіру арқылы уран қазып алады. Олар мұны жақсы біледі, әрі мол қаражат жұсалып салынған көптеген проектілерден өткен, бірақ өкінішке орай қарапайым адамдарға олардың көк тиын пайдасы болған жоқ. Бұрын қалай өмір сүріп жатса, әзір де сол күйі. Ауыл тұрғындары мұндай құрылыстан қосымша мәселелерден басқа ештеңе алмайды.

Әрине атом электр станциясын салатын Үлкен ауылында қазір құрылысты қолдайтын адамдар көп. Әдетте шағын ауылға үлкен құрылыс жүретін болса, тұрғындар, мүмкін болашақта сонда жұмыс орны болып қалар деп үміттенер.

Жергілікті тұрғындар ең болмаса құрылыс жүріп жатқан кезде, немесе болашақта сол атом станцияда жұмыс істейтін мамандарға қызмет етермін деп ойлай ма. Бірақ жақын маңдағы ауылдарда жағдай мүлде басқаша. Тұрғындар атом объектісіне жақындауға, фондық радиациядан, апаттан қорқады, сондықтан олар атом электростанциясын салуға қарсы.

Кездесуімізге Жамбыл облысының Үлкен ауылы жанына жақын жердегі ауыл тұрғыны Роза апай қатысты. Ол кісі бізді Үлкен ауылына жақын елді мекендер тұрғынымен кездесіп сұқбаттасуға шақырды. Өзі, қартайған жасына қарамастан бізбен бірге кездесуге баруға тәуекел етті. Роза апай бұл ауыл тұрғындарының пікірінің маңызды екенін жақсы түсінеді.

-Демек, Жамбыл облысы тұрғындары атомшылардың келтірген дәлелдеріне сенбеген екен ғой?

-Үлкен қалаларда қазақстандықтардың біразы біз атом электр станциясынсыз қайтадан үңгірге оралып, қараңғылықта отырамыз деп қорқытпақ болды. Бірақ, ақылы сау адамдар басқаша ойлайды. Жамбыл облысы тұрғындарысалуды  да солардың қатарына кіреді. Олардың өз шындықтары мен өздерінің өмірлік философиясы бар. Олардың пікірі атом электростансасын қолдайтындар мен қарсылардың дәлеліне емес, сау ақылға жүгінеді. Олар АЭС қосымша ауыртпалық тудырмаса, барлық мәселелерін шешіп бермейтініне толық сенімді. Олардың ішінде жасы келген кісілер көп. Олар 15 жылдан кейін болатын рахат өмірдің аңыз екенін жақсы біледі. Олардың өмірі, қарапайым адамдардың өмірі үлкен объекті салумен жақсармайды. Олардың тұрмысы дәл қазір, бірте-бірте жақсарса. Мемлекет бюджетке қарай оларға көмектесіп тұрса.  Олар алып соманы бір шамшыл жобаға (амбициозный проект) салғанға қарсы, олар оны ысырап санайды. Бұл жоба бойынша  құрылыс жүретін бір-ақ ауылдың тұрмысы жақсарар, бірақ одан артық емес.

Одан бөлек, Жамбыл облысы тұрғындары электрдің жетіспеуін АЭС шеше алмайды деп ойлайды. Адамдарға мәселенің шешілгені, тұрмыстарының 15 жалдан кейін емес, бүгін жақсарғанын қалайды. Оның үстіне біз жасы келген адамдар жайлы айтып жатырмыз. Олардың ешқайсысы болашақта өмір жақсарып кетеді деген уәдеге сенбейді. Бұл адамдар дәл қазір ашық қарсы шықпаса да, референдумда АЭС салынуына қарсы шығамыз деп отыр.

-Демек бұл адамдар категориясы ешқашан атом лоббишілері сөзіне ермейді, әрі олардың тоқтаған өз көзғарастары бар, демексіз бе?

-Иә, дұрыс айтасыз. Бұл аймақтағы адамдардың АЭС салынуы жөнінде өз көзғарастары бар, сондықтан бұл мәселе референдумға ұсынылған. Бір таң қалатыны Қазақстанда АЭС салу мәселесі экологтар мен энергетиктердің күресі емес, оған көзіміз жетті. Бұл Қазақстан халқының осы мәселеге тоқтаған пікіріне «құлақ салатын мемлекет» үшін берілген бір мүмкіндік.

Біз осы референдумда  осындай адамдардың  дауысы естіліп, шешуші роль ойнайды деп үміттенеміз. Себебі Қазақстанда мұндай адамдар көп.

Похожие записи

НЕТ АЭС В КАЗАХСТАНЕ!

СЕМИПАЛАТИНСКИЙ ПОЛИГОН: ЯДЕРНАЯ ПАМЯТЬ КАЗАХСТАНА

Нужна ли миру атомная энергия?