БАЛАЛАРЫМЫЗ БОЛАШАҚТА ҚАНДАЙ ЭНЕРГИЯМЕН КҮН КӨРМЕК?

АЭС құрылысы – өте жауапты шешім, ол еліміздің өсу стратегиясын анықтайды. АЭС салуды қолдап отырған адамдар осы жауапкершілікті түсіне ме екен?

Танымал экобелсенді, биолог, радиацияның әсері жөніндегі  генетикалық зерттеу маманы, 2005 жылғы Голдман экологиялық сыйлығы иегері Қайша Атахановамен сұқбатмызды жалғастырамыз. Бүгін әңгіме атом электр станциясын салу жөнінде болмақ.


-Қайша, АЭС құрылысын салуды қолдап жатқан қазақстандықтарға не айтар едіңіз?

-АЭС салу – аса жауапты шешім. Ол еліміздің ондаған жылдық даму стратегиясына әсер етеді. АЭС-ті қолдаушылар осы жауапкершілікті түсіне ме екен? Біз өзімізден кейінгі ұрпақ үшін де балаларымыз бен немерелеріміздің  өмірі үшін де шешім қабылдамақпыз. Себебі алғашқы реакторды (кеңес заманында шыққан – 3,3+ буынды реакторды жоспарлап жатыр) тек он бес жылдан соң іске қоспақ. Демек, бұл атом станциясымен әзір жиырма-отыздағы жастар мен олардың балалары өмір сүрмек. Бірақ олардан  қандай энергиямен күн көргілерің келеді деп кім сұрап жатыр? Олар атом реакторын таңдай ма, әлде экологиялық таза, болашақтың қауіпсіз энергиясымен күн көргісі келе ме? Заман озып бара жатқанын білеміз, қазір экологиялық таза әрі Жаңартылатын энергия көздері дамып, жаппай қолданысқа еніп жатыр. Біздің де жастар заманына ілесіп, өсіп-өніп, білім жинап, балаларын экономикасы дамыған Сондықтан жастарымыз өсіп-өнуі керек, білімін арттырып, балаларын экономикасы дамыған, экологиялық жайлы мемлекетте өмір сүруі керек. Қазақстандықтарға АЭС құрылысын салу мәселесі, ұрпақтарының болашағы үшін моральды жауапкершілік, күнделікті экономикалық және саяси мүдделерден маңыздырақ деп ойлаймын.

-Атом энергиясының арзандығы жайлы не айтасыз?

-Әңгімені атом электр станциясын салуға 15 миллиард АҚШ долларын бөлу керектігінен бастайын. Бұл ақшаға еліміздің көптеген аймақтарында бірден іске кірісетін жаңарған энергетикалық құрылғылар салып қойған болар едік. Әдетте бізді болашақта энергия тапшылығы тууы мүмкін деп қорқытып жатады, ал бізге энергия дәл қазір керек. Күн мен жел энергиясын пайдаланатын  құрылғылар әлдеқайда арзан, әрі олар қауіпсіз.

Атом энергетикасының лоббиін жасаушылар не дейді? Олар жаңартылатын энергетика тұрақты емес деп қорқытады. Күн қазір жарқырап тұруы мүмкін, бірақ сәлден соң оны бұлт басады. Жел де солай, бірде бар, бірде жоқ. Бірақ әлемде күннің көзі аз түсетін, жел де соғып жетістірмейтін, бірақ соған қарамастан балама энергия көздерімен күн көріп отырған мемлекеттер бар. Сонымен қатар энергияны ысырап етпей, сақтай білу мен энергияны тиімді пайдалану секілді болашағы зор бағыттарды дамыту қажет.

Жалпы алғанда атом энергиясына қарағанда жаңартылатын энергетика арзанға түсетінін елдің бәрі біледі. Адамзат ескі көлікті тастап, Tesla-ға өтіп жатыр. Бүкіл әлем  қазба энергия көздерінен бас тартып, жаңартылатын энергетикаға жаппай көшіп жатқан кезінде Қазақстанның артқа жылжуы қай сасқаны?


Халықаралық энергетикалық агенттігі (ІЕА-ХЭА) “Renewables 2023. Analysis and forecast to 2028” («ЖЭК 2023. 2028 жылға талдау және болжау»).

Агенттік жаңартылатын энергия көздерінің қуаттылығы соншалықты жылдам өсіп келе жатқанын, 2030 жылға қарай жаһандық жаңартылатын энергия  қуатын үш есе ұлғайту мақсатын орындауға нақты мүмкіндік бар екенін атап өтті. Бұған күн мен жел энергиясының  экономиялық пайдасы да ықпал етеді. «Қазір құрлықтағы жел мен күн фотоэлектр станциялары барлық жерде дерлік жаңа қазба отын электр станцияларынана қарағанда арзанырақ, сонымен қатар көптеген елдердегі қазба отынының электр станцияларынан да арзан»,- ХЭА (ІЕА) атқарушы директоры Фатих Бироль.

ХЭА (ІЕА) алдағы бес жылда мынандай маңызды кезеңдерге қол жеткізуге болады деп болжайды:

  • 2024 жылы күн мен жел энергетикасы электр өндіруден гидроэнергетикадан асып кетеді;
  • 2025 жылы жаңарған энергия көздері көмір өндіруден асып кетеді;
  • Сол секілді 2025 жылы жел энергиясы ядро өндіруден де асып кетеді (күн мен жел электростанциясының жалпыәлемдік өнімі әзірдің өзінде АЭС-тің өнімінен асып кетті);
  • 2026 жылы күннің фотоэлектрлік энергетикасы желдіктен асып кетеді.

-Ал АЭС-тің қауіпсіздігі жөнінде не айтасыз?

-Меніңше, ақылы сау адамның бәрі атом станциясының қауіпті екенін жақсы біледі! Біз әзір мазасыз, шым-шытырық әлемде өмір сүріп жатырмыз. Атомды лоббилеушілер бізді АЭС қауіпсіз деп сендіргісі келеді. Бірақ бүгінгі әлем ядролық бопсалаудың да куәсі болды.«Абайсыз» құлап кетекен ракетадан Запорож атом станциясы (ЗАЭС), немесе Каховск ГЭС-і жанындағы жарылыстан соң судың жағдайы нашарлауынан, Украина екінші Чернобыльді алуы мүмкін. Оған қосымша көрші мемлекеттерде де жағдай нашарлайды. МАГАТЭ ресми түрде ЗАЭС-те ядролық қауіпсіздік тұрақты емес деп хабарлайды, сондықтан олар соғыс кезінде ядролық апаттың алдын алудың барша ісін істеп жатыр.

Sergey Tereкhov

Бізге «Қазақстан энергетика жағынан тәуелсіз мемлекет болуы керек» дейді. Бірақ мен бұл мәселе бойынша Қазақстанның қақ ортасынан, Балқаштан АЭС салғысы келетін, онысы кез-келген уақытта ядролық террорға нысана болып кетуі мүмкін, жобаға күмәнмен қараймын. Қараңызшы, бізге жақын көршілерде – Қытайда, Ресейде, Пәкістанда, Үндістанда ядролық қарулары бар. Айналамызда агрессия көріп отырмыз, сондықтан болашағымызға сенімді емеспіз, егер өз территориямызға ядролық объектілер соғатын болсақ ол халқымыз үшін орасан қауіп тудыруы мүмкін. Қазақстандықтар әзір сондай хәлде, өте, өте дана, сергек болуы керек жағдайда.

Сыртқы қауіптен бөлек, адамдық және табиғи факторлар бар. Чернобыль АЭС-індегі апат қызметкерінің байқамай қалу себебінен болған.  Ал жетінші деңгейдегі максималды радиациялық апат Ядролық оқиғалардың халықаралық шкаласы (INES) бойынша жапондық «Фукусима-1» АЭС-інде болған, ол Жапониядағы қатты жер қимылдау мен цунамидан болған. Қазақстанның да сейсмоаймақта орналасқанын ешкімге түсіндіріп жатудың қажеті жоқ.

-АЭС-тің жаңа энергетикамен салыстырғанда тағы қандай жағымсыз жақтары бар?

-Атом станциясының алып бір минусы  оның ядролық қоқыстар мәселелері. Атом станциясы 40-60 жыл (егер Құдайдың қалауымен апатсыз!) жұмыс істесе, балаларымыз ол қоқыстарды ұзақ уақыт сақтау және оларды көму мәселелерімен айналысады, себебі ол мега қымбат болады, оны үздіксіз бақылап, жүздеген, мыңдаған жылдар бойы радиациялық қауіпсіздікті сақтап тұруы керек. Яғни біз әзірден балаларымыздың иығына радиобелсенді қоқыстарды көму мәселесін тастап кетеміз. Осы әдепке жата ма? Атомдық лобби бүгін не ойлап отыр, олар ұрпақтарына не қалдырмақ?

Николай Юшников

Ары қарай атомшылардың сөзінше АЭС құрылысына 15 миллиард АҚШ доллары қажет дейді, оны 10-15 жыл ішінде біртіндеп жұмсайды. Біз оның бәрін жол құрылысы мысалынан білеміз ғой, сапасы қандай болады, қаражат қалай жұмсалады, т.т. Ал атом реакторы – яғни ядролық құрылғы, режимді объектілер, сондықтан ондағы жұмыстың бәрі басқа жаққа ақпарат таратпайды, әрі қоғамдық қадағалау болмайды. Мұндай жобалар үлкен сыбайлас жемқорлық қабілетіне ие. Сонымен АЭС салынып біткен кезінде 15, 20 жылдан кейін оны кімнен сұрайсың? Сыбайлас жемқорлықтың да ескіру мерзімі бар.

-Қайша, сіз радиация әсерін генетикалық зерттеу маманысыз, ұзақ жылдар Семей полигонының зиянын зерттеген адамсыз. Бұл жөнінде не айтасыз?

Фото из личного архива К.Атахановой

-Қазақстанның территориясының көп жағы экологиялық жағымсыз аудандарда. Халықтың біраз бөлігі бұрынғы Семей ядролық полигоны жақта өмір сүруде. Олар бір жарым миллион адам, СЯСП полигонында (Семей ядролық сынақ полигонында) ядролық сынақтың зардабын өз басымен өткізген адамдар. Мен эколог, әрі генетик ретінде айтарым, радиацияның тірі ағзаға генетикалық әсер ететіні. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін тұқым қуалайтын мутацияларды химиялық немесе басқа әсерден болатын мутациялармен салыстыруға болмайды. Радиация ластануының қауіптілігі осы жерде.  Басқа жағдайда ластанған кезде сіз иісін, түсін немесе дәмін біліп тұрасыз. Ал радиобелсенді ластанған кезіңізде сіз оны сезбейсіз, оның иісі жоқ,  оны еш жағдайда көре алмайсыз. Ұзақ уақыт аз дозадан болса да үздіксіз сәуле қабылдаған кезде оның жинақталатын әсері (кумулятивті эффекті) болады. Мысалы аяғы ауыр әйел радиация әсері болатын аймақта тұрса, оның баласы екі есе, яғни қосарлана сәулеленеді: алғашқысы анасының құрсағында, екінші рет дүниеге келген соң, егер ол осы радиация әсері болатын жерде тұрып өсетін болса. Радиациялы жайсыз аймақ тұрғындарыны қауіп төніп тұруы ықтимал, әр жаңа туған ұрпақ алдыңғысынан әлсіз боп туады. Мұндай жағдайда  осындай тұрғындардың тұрмыс-жағдайларын түзеу өте маңызды, оларға арнайы реабилитация бағдарламасы мен тұрғындарға медициналық көмекті қамтамасыз ету керек.

-Қорытындыласақ, сонымен Қазақстанда жалпы АЭС құрылысы жайлы қандай қорытынды пікірге келетін болдық?

-Әрдайым айтып жүрмін ғой, тәуекел мен ықтимал қауіптер тірі ағзаға – адамға, немесе біздің экосистемадағы кез-келген компонентке, шешім қабылдар кезде ескерілуі керек. Барлық нәрсені  тек саяси және экономикалық пайдамен өлшеуге болмайды. Менің пікірімше, экономикалық көзғараспен, не қоғамдық, немесе  саяси жағдаймен, атом электр станциясын салу дұрыс емес. Біз кемі жүз жыл алға қарап болжауымыз керек. Балаларымыздың қауіпсіздікте өмір сүретініне, таза, тұщы су ішетініне, таза аумен демалып, қауіпсіз энергия пайдаланатынына сенімді болуымыз керек.

 Николай Юшников

Патриотизм жайлы әңгімені көп айтамыз, ана тілімізді, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтап қалғымыз келеді. Осының бәрімен мақтанамыз, ал тамаша табиғатты аялап ұстап, ұрпақтарымыз үшін жерімізді қалай сақтап қаламыз? Әзір қаншама талантты, сауатты ашық-жарқын жастар бар! Олар бақытты қауіпсіз елде өмір сүруге құқылы.

Похожие записи

НЕТ АЭС В КАЗАХСТАНЕ!

СЕМИПАЛАТИНСКИЙ ПОЛИГОН: ЯДЕРНАЯ ПАМЯТЬ КАЗАХСТАНА

Нужна ли миру атомная энергия?