ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АЭС-КЕ ҚАРСЫ

141 просмотров
здание

Балқаш көлі жағасындағы Үлкен ауылында атом электр станциясын салайын деп жоспарлап жатқан шешімге байланысты «Қоғамдық-экологиялық қор» қоғамдық қоры Қазақстанның әр түрлі қалаларында қоғамдық кеңес мен тыңдау өткізудің сериясына ықпал етті. Тізімде алғаш боп Шымкент қаласы тұр еді. Қала тұрғындарымен кездесу қалай өтті? Корреспондентіміздің репортажын оқыңыздар.


13-ші ақпан күні Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы кітапханада өткен қоғамдық кеңесте 25-ке жуық адам қатысты.

Ұйымдастырушылар ҚЭҚ (Қоғамдық Экономикалық Қор)-пен бірге жергілікті «Қазақстандық Қоғамдық Бақылау Институты» ұйымы мен «Береке» ҚҰ сөз сөйлеп, ой білдірді. Шымкенттіктердің көңіліне атом электро станциялары құрылысының әртүрлі аспектілері және осыған байланысты қауіптер таныстырылды.

Участники консультаций в Шымкенте

ҚЭҚ-дың қамқорлық кеңесінің мүшелері Семей облысы тумасы Гүлсім Кәкімжанова Семей ядролық сынақ полигоны (СЯСП) жайлы: оның құрылысы, ондағы жасалған сынақтар және олардың сол маңайдағы адамдарға әсері тарихын айтып берді. СЯСП-тағы жарылыстардың салдарын басынан өткізген қазақстандықтарға Семей полигоны жайлы еске алу өте ауыр. Көп адамдардың радиация салдарынан өлуі мен денсаулықтарының нашарлауынан алған жан-жарасы әлі басылған жоқ. Сондықтан АЭС және Семей полигоны бір-бірімен тығыз байланыста.

человек

Член попечительского совета СЭФ, уроженка Семипалатинской области Гульсум Какимжанова рассказала об истории Семипалатинского испытательного ядерного полигона (СИЯП)

Семей полигонын жабу еліміз тәуелсіздік алған соң ғана мүмкін болды, сонымен қатар кейіндеу Ақтаудағы Маңғыстау энергетика комбинатындағы БН-350 реакторын пайдалануды тоқтату туралы шешім қабылданды. Гүлсім және де реактор жұмыс істеп тұруы үшін жылына 1,2 миллиард теңге жұмсалатынын атап өтті. Ал ол реакторды толық істен шығарудың бағасы 114,8 миллиард теңге.

Көптеген қазақстандықтар үшін АЭС құрылысы екі жағымсыз аспектімен байланысты. Біріншісі – адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін алып қатер. Екіншісі – ядролы объектіні істен шығаруға кететін жоғары экономикалық шығын. Ал оның орнын немен ауыстырамыз сонда? Ең ерте дегенде, жақсы болғанда он бес жылдан кейін алатын «арзан» энергия ма? Қазақстандықтар соны қалайды деп отырсыз ба? Семей полигонынан кейін аузымыз күйген жоқ па еді? Ядролы объектілердің мүлде қаупі жоқ дегенге шынымен сенеміз ба?

ҚЭҚ (СЭФ) директоры және экологиялық құқық жөніндегі эксперт Вадим Ни қазақстанымыздағы тұрғындарың алдында дәл қазір біз территориямызда АЭС салдырамыз ба, жоқ па деген таңдау еркі тұр. Дауысымыз республикалық референдумда есепке алынады, онда барлық қазақстандықтар Балқашта АЭС салдыруға қарсы ма, жоқ па, өз пікірлерін білдіреді. Оның айтуынша алғаш рет Қазақстанда мемлекеттің басқаруы мен құрылысына байланысы жоқ мәселеге арналған республикалық референдум өтпек. Сондықтан әр адам белсенді азаматтық позициямен референдумға қатысып, дауыс беруі керек. Бірақ, АЭС салуға  иә немесе жоқ деп дауыс бермей тұрып, өз дауысыңның артында не тұрғанын білуіп алуың керек.  Егер біз АЭС салуға рұқсат беретін болсақ, балаларымыз бен немерелерімізге осы радиациялы объектіні қалдыруға дайынбыз ба, өйткені олар сонымен өмір сүреді? Ал егер қарсы болатын болсақ, Қазақстанда оған балама энергия көздері бар, жоқ екенін білуіміз керек? Жалпы біз Қазақстанда жаңа энергия көздерінің мүмкіндігі мен құдіреті жөнінде  білеміз бе? АЭС-тен бас тартып, жаңарған энергетиканы дамыту арқылы ештеңе жоғалтпаймыз, қайта халқының қауіпсіздігі мен таза қоршаған ортасын ойлайтын елдерге қосылып, экологиялық таза энергия аламыз.

человек

Вадим Ни

Вадимнің айтуынша, тіпті АЭС салынатын шешім қабылданғанның өзінде, Қазақстанда оның қоршаған ортаға әсері қоғамның қатысуымен бағаланып (ҚОӘБ) тұруы керек. Осы сатыда атом электростанциясы жобасы қоғамның пікірінен алшақ бола алмайды

Елімізде  қоғамның қатысуы мен тыңдауына қатаң стандарт енгізілген ҚОӘБ аймағында жүргізілген.

ҚЭҚ-дың қамқоршылық кеңесінің төрағасы, биолог, эколог, (2005 ж.) Голдман экологиялық сыйлығының иесі Қайша Атаханова  көп жыл бойы қоршаған ортаға және адамның денсаулығына радиация әсері тақырыбын зерттеген. Ол зерттеуін Семей полигонында жүргізген, Қазақстандағы және басқа елдердегі көптеген ядролық объектілерде болған. Өзінің презентациясында ол көптеген экологиялық аспектілерді қамтыған, олар Қазақстанда АЭС салуға мұқият ойлана шешім қабылдар кезде өте маңызды. Қайша, уранды өңдеу процессі ұзаққа созылатын радиациялық қауіп пен қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіп төндіру — мәңгілік мәселе боп қалады, деп атап өтті. АЭС іске қосылғанында радиоактивті қалдықтар тонналап жиналады және ол мәселе тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде шешілмей жатқан сондай үлкен мәселе.

люди

Обсуждения

АЭС жұмыс істеген кездегі пайда болған ядролық қалдықтар, толық жойып жіберетін қоқыстар емес. Оларды арнайы сақтағыш жасап, көп жыл бойы сақтау керек, егер сақтағыш тесіліп кетсе радиация жер мен жер асты суларын ластап былғайды. Егер Қазақстанның картасына үңілсең, радиациялық қауіп төніп тұрған нүктелер өте көп. Оның ішіне Ақтау да кіреді, онда ең үлкен радиоактивті қоқыстар қалдығын сақтайтын Қошқар-Ата және ядролық қарулар сынаған жерлер, уран табатын және тауып жатқан жерлер бар. Әрине біз әзір ядролы объектілермен жұмыс істеу әдістерін білеміз, мысалы БН-350 атом реакторымен, тіпті оның жұмысын тоқтату 50 жылдан артық уақыт алады.

человек

Кайша Атаханова

Қанша жерден бізге олай емес деп айтса да, кез-келген атом электр стансасы радиация «фоны» болады. Ал радиацияның қауіпі — оны сезе алмайсың, ол көрінбейді, иісі жоқ. Оның үстіне радиацияға байланысты кей ауырлар бірден емес, бірнеше жылдан соң ғана пайда болады, тіпті кейінгі ұрпақ ауыруы мүмкін, өйткені өзгеріс хромосома деңгейінде  болады.

Қоғамдық кеңесте ҚЭҚ ҚБ-інің жастар қанатынан Самир Нұрмағанбетов қатысты. Оның жүргізген зерттеуі бойынша, халық, барлық шығарған өнімнің бестен бірінен аздауын ғана алады екен, ал қалған бөлігін өндіріс жаратады. Сондықтан Қазақстандағы он компания отандастарымыздың жарататын энергиясынан екі есе көп жұмсайтынына таң қалудың қажеті жоқ. Бұдан қарапайым қорытынды шығады: энергияны үнемдеп пайдалануды арттыру, электроэнергияның жетіспеушілігінен шығатын жол.

Жеткілікті электроэнергияны иелену үшін, бізге энергия генерациясы көзін салуды шектеуді ғана емес, энергияны үнемдеп пайдалану да еліздегі энергия жетіспеушілігін азайтады.

человек

СМИ

Қазақстанда әзір шынымен энергияны көп шығындайды, себебі, электрді тасымалдау торы 65%-ке ескірген. Осылардың салдарынан шамамен таратқан энергияның 11%-ті алып шығынға алып келеді. Бүгінгі күні газ арқылы және жаңарған энергетика арқылы электроэнергия дамуының әлемдік өсу жылдамдығы атом энергетикасынан әлдеқайда көп, өйткені ол 2000 жылдан бері төрт-ақ процентке өскен, ал күн мен желден алған энергия ондаған процентке өскен. Демек, энергетиканы ауыстыруға бел байлаудың мүлде қажеті жоқ, себебі ол дембіл-дембіл құлдырап тұрады, келесі «қаракуды» («қара аққу»- күтпеген жайсыз жағдайды) күтуде, сондықтан әлем бойынша алға жәй жылжуда.

Шымкенттегі кездесуде болғандардың бәрі алғашқы қолдардан мол ақпарат алды, сол арқылы олар референдумда өздерінің жеке, әрі тәуелсіз шешімдерін көрсетеді, және де жолдастарын, әріптестерін, таныстарын және басқа қызыққан адамдарға жаңа, тың ақпараттарды ұсынатын болды.

Келесі репортаждарда  біз Ақтау мен Қарағандыдағы қоғамдық кеңес жайлы айтамыз.

Об этом тоже важно знать