АЭС? Керек емес!

124 просмотров
АЭС

ҚАЗАҚСТАНДА АТОМ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЯСЫН САЛУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ


Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстанда атом электростанциясын салу туралы референдум 2024 жылы күзде өтетінін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың маусымның 27-де хабарлады.

Атом электростанциясын салу бізге үлкен қарыз әкелумен қатар денсаулығымыз бен өмірімізге, жалпы қауіпсіздігімізге  ауыр қауіп төндіретініне күмән жоқ!

Кеңес дәуірі кезінде миллиондаған қазақстандық азаматтар радиацияның әсерінен  тікелей және жанама зор зардап шекті. Қазақстан егемендігінің тарихы Семейдегі сынақ полигонын жабудан басталды.

Қазақстан табиғатында  электроқуат пен қажетті жылылықты өндіру үшін мол, таусылмайтын қуат көздері бар екені бәрімізге аян. Бізге өте қымбат әрі өте қауіпті қуат көзін таңдаудың қажеті жоқ. Бұл бізді көп жылға созылатын құрылысқа мәжбүрлейді (10-15 жылдық) және басқа елдерге қарыздар ететін жағдайға әкеледі.

Сондай-ақ атом электростанциясын салуды қолдайтын күштер мен Энергетика министрлігінің атом электростанциясы объектісін салуды  мәжбүрлеуі бізді 7 триллион теңге шығынға ұрындырады.

Олар қоғамдық тыңдау мәжілістерін заң талаптарын өрескел бұза өткізуде. Олар пікірталасты тең жағдайда өткізбей, қиянатты әдіске барып отыр.

Біз ынтымақты түрде бірлесуіміз керек. Қазақстанда радиация мен атом электростанциясының салуына «ЖОҚ!» деп жауап қайтаруымыз өте маңызды.

Атом электростанциясын салуға қарсы жандар «АЭС-Керек емес!» деген көзқарастағы платформада бірігуіміз қажет. Осылай біз референдумға дұрыс дайындалып, тиісті нәтижеге қол жеткізіп, дауыс беру нәтижесін бұрмалаудан сақтана аламыз.

Осы көзқарасты қолдайтын болсаңыздар, атом электростанциясына қарсы күшке қосылу үшін мына телефон номеріне хабарлассаңыздар болады: 87064134970 (вотсап) немесе осы үлгіні (форманы) толтырыңыз.


Текст призыва на русском языке смотрите здесь.

Об этом тоже важно знать